Израильдің әуе шабуылы Иранның әскери басшылығын қапыда қалдырғандай болды. Алайда шабуылдың басты мақсаты – Тегеранның ядролық бағдарламасын жою – орындалды ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Израиль Тегеран жойқын қаруға ие болуға шақ тұр дейді. Ал Иран тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.